Судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Жуалы ауданында шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құтқарушылар күн сайын адам көп жиналатын демалыс орындарында кезекшілік атқарып, тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде.
Әсіресе балалардың қауіпсіздігіне басымдық беріліп отыр. Мамандар ата-аналарға баланы су жағасында қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ жабдықталмаған орындарда суға түспеуді ескертеді. Тыйым салынған аумақтардағы ескерту белгілері мен қоршауларды елемеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Жамбыл облысында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 6 стационарлық және 6 мобильді құтқару бекеті жұмыс істейді. Мамандар қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтап, қажет болған жағдайда демалушыларға жедел көмек көрсетеді.