Алма бағы – еңбектің жемісі
Меркі өңірінде алма өсірумен айналысып, мол өнім алып отырған шаруашылықтардың бірі – ағайынды Нәсіп Мамедов пен Кәрім Мамедовтың алма бағы. Бүгінде бау 12 гектар аумақты алып жатса, оның 8 гектарына алма ағаштары егілген. Кәсіп иелері алма өсірумен тоғыз жылдан бері айналысып келеді. Үш ағайынды бірігіп, кәсібін бірге жүргізіп, жыл сайын мол өнім алуға күш салып келеді.