Бес жылда 113 миллионнан астам көшет отырғызылды
Жамбыл облысында соңғы бес жылда 60,9 мың гектар аумаққа 113,1 миллион көшет отырғызылды. Бұл — орман қорын ұлғайтуға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Қазір өңірдегі мемлекеттік орман қорының аумағы 4 миллион 416 мың гектарды құрайды. Оның 2 миллион 296 мың гектары орманмен көмкерілген.