Каналдар қайта жаңғыртудан өтуде
Өңірде ағын сау мәселесі шешімін тауып келеді. Оған елді – мекендерде салынып жатқан каналдардың үлесі зор. Соның арқасында шаруалар қуаңшылықтан құтылып, өнімдерін қолдан шашау шығармай жинап алуда. Мысалы, Қордай ауданындағы Сарыбұлақ ауылында «Благовещенский» суару каналының 18 шақырымы қайта жаңғыртылуда.