Ауылда сүт фермасы ашылды
Ел Президенті халыққа арнаған жолдауында асыл тұқымды мал басын арттырып, сапалы өнім шығару қажеттігін атап айтқан еді. Қазір Әулиеата өңірінде ет және сүт бағытындағы мүйізді ірі қарамен тиянақты айналысып, өз өнімдерін өндіріс орындарына өткеріп жатқандар жетерлік. Соның бірі таяуда іске қосылған «Аznur» өндірістік кооперативінің сүт фермасы.
Жалпы сомасы 1миллиард 800 милион болатын бұл жабаның 1,350 милион теңгесін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясы қаржыландырса, қалған 450 милион теңгесін кооператив жетекшілері өздері құйған. Қазір мұнда Ресейден асылтұқымды «Голдштейн» атты 339 бас мүйізді ірі қара жеткізіліп, қол күшін қажет етпейтін айналмалы апаратпен сауылып жатыр.