Негізгі Жаңалықтар Инвесторларды қорғау – экономика өсімін қолдау

Инвесторларды қорғау – экономика өсімін қолдау

Жамбыл облысының прокуратурасы жалпы құны 5,6 трл теңге болатын 143 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оның 75-і Ұлттық пулға енген. 11 жоба «жасыл дәліз» арқылы іске асуда. Ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында прокуратура 31 инвестордың жалпы инвестиция көлемі 948 млрд. теңге болатын жобалары бойынша мәселені шешкен. Шетелдік инвесторлар үшін қолайлы өңір саналатын Жамбыл облысында оларға кімдер және қандай қолдау көрсетіледі? Сүйемелдеу тетіктері қандай? 

Инвестор үшін жаңа жоба — ең алдымен мүмкіндікпен қатар, үлкен жауапкершілік. Жер телімін рәсімдеу, инфрақұрылым тарту, рұқсат құжаттарын алу, құрылыс пен өндірісті іске қосу сияқты бірнеше кезеңнен өтуі керек. Әлбетте, әр жобаны соңына дейін жеткізу маңызды. Осы міндетті жүзеге асыратын құрылымдардың бірі — Zhambyl Invest. Ұйым инвестормен алғашқы кездесуден бастап кәсіпорын пайдалануға берілгенге дейінгі процесті сүйемелейді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар