Тамыз кеңесі: Білім сапасы мен адами капитал
Бүгін білім саласы қызметкерлерінің қалалық тамыз кеңесі өтті. Оған Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысты. Ұстаздар басқосуы оқу жүйесіндегі биылғы жаңашылдық: «Білім сапасы мен адами капитал: жаңа оқу жылындағы өңірлік басымдықтар» тақырыбынан басталды. Сондай-ақ, жиында үздік білім беру ұйымдары анықталып, білім саласының дамуына үлес қосқан педогогтар марапатталды.