«Байзақ - Антитеррор - 2026»
Бүгін Жамбыл облыстық жедел штабы Байзақ ауданында «Байзақ-Антитеррор- 2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізді. Іс - шара штаб күші мен құралдарының террористік белсенділікке шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын азайту және жою амалдарының практикалық дағдыларын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың негізгі көздегені – құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың терроризм сипатындағы қауіп-қатерлерге ден қою дайындығын тексеру. Сонымен қатар бүгінгі іс-шараға тартылған бөлімшелердің өзара іс-қимылын пысықтау.