Тарихи вокзал жаңарды
Жамбылда тағы бір тарихи нысан жаңа кейіпке енді. Нақтырақ айтсақ, Т. Рысқұлов ауданындағы «Түрксіб» теміржол станциясы толық жаңғыртылып, бүгін пайдалануға берілді. Енді вокзал жолаушыларға заманауи талаптарға сай қызмет көрсетеді. Айтулы шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, ауыл ақсақалдарымен бірге нысанның лентасын қиды.