Жаңа оқу жылына әзірлік пысықталды
Жаңа оқу жылы дайындық жұмыстары облыс әкімінің орынбасары С. Сәлемовтің төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Онда білім беру ұйымдарының әзірлігімен қатар, оқушылардың қауіпсіздігі, мектеп маңындағы жол қозғалысы, ғимараттардың жөндеу жұмыстары және оқу құралдарымен қамту мәселелері пысықталды. Әсіресе жаңа нысандардың сапалы әрі уақытылы пайдалануға берілуі басты назарға алынды.