Ретро әуендер қайта жаңғырды
Бір әуен – бір дәуірдің естелігі. Шаһардағы Тұрар Рысқұлов атындағы орталық саябақта сексенінші-тоқсаныншы жылдардың әндері қайта жаңғырды. Жанды дауыста шырқалған таныс әуендер көрерменді өткен кезеңге жетелеп, кешке ерекше көңіл күй сыйлады.