Негізгі Жаңалықтар Жасанды интеллект – енді мектеп пәні!

Жасанды интеллект – енді мектеп пәні!

Жаңа оқу жылындағы басты жаңалықтың бірі – жасанды интеллекттің мектеп бағдарламасына енгізілуі. Биылдан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында AI негіздері ресми түрде оқытыла бастады. Енді 1–4 сыныптарда «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5–11 сыныптарда «Информатика және жасанды интеллект» пәндері оқытылады. Алғашқы оқу күнінен –ақ, мектептерде жасанды интеллект тақырыбындағы алғашқы сабақтар өтіп, оқушылар жаңа пәнмен танысты.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар