Қостөбеде жаңа мектеп пайдалануға берілді
Білім күнінде Жамбыл ауданының Қостөбе ауылы мен Байзақ ауданындағы Аққия ауылының тұрғындары білім күнін ерекше қуанышпен қарсы алды. Қос елді мекенде де жаңа мектеп пайдалануға берілді. №8 Қостөбе орта мектебінің ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календаров, аудан әкімі, ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен тұрғындар қатысты.