Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды
Кеше Қырғыз елінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өткен ашылу салтанатын тамашалап, қазақ спортшыларына қолдау көрсетті. Биыл жарыстар 6-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді