«Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Жаңатастың тарихы — талай ұрпақтың еңбегімен жазылған тарих. Бұл — қаланы қалыптастырған, өндірісті дамытқан және күнделікті еңбегімен өңіріміздің экономикасын нығайтқан адамдардың тарихы. Кеншілер күні мен «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің 80 жылдық мерейтойы — кәсіби мамандардың ғана емес, ең алдымен, еңбек адамдарының мерекесі.