Күтушінің көмегі көңілден шығады ма?
Декреттік демалыстан кейін жұмысқа шығатын уақыт келгенде «Баланы кіммен, немесе кімге тастаймыз?» деген сұрақ барлық ата-ананы мазалайды. Мұндайда бірі – балабақшаға береді, келесі бірі – әжесінің тәрбиесіне қалдырады. Бұл мүмкіндіктер болмаған жағдайда бала күтушісін іздеуге тура келеді. Ал сол мамандардың деңгейі сұранысқа лайық па? Күтушілердің көмегі қаншалықты көңілден шығып жүр?