ШЫҰ мүше мемлекеттердің басшылары бас қосты
ШЫҰ елдерінің өзара тауар айналымы бір триллион долларға таяды. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның экономикалық әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отырғанын жеткізді. Президент Бішкектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бірқатар маңызды ұсыныс айтты. Мәселен, ұйымның Даму банкін құру туралы бастамаға қолдау білдіріп, оның штаб-пәтерін Қазақстанда орналастыруға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Бірыңғай транзит цифрлық платформасын іске қосып, жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынды.