Негізгі Жаңалықтар Жамбылдық сурдспортшылар – спартакиаданың күміс жүлдегері

Жамбылдық сурдспортшылар – спартакиаданың күміс жүлдегері

Жамбылдық сурдспортшылар кезекті бәсекеде облыс мерейін үстем етті. 10 спорт түрінен сынға түскен өңір командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды. Еске салсақ, 8–25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша IV Спартакиадасы өткен болатын. Сол сайыста аймақ абыройын асқақтатқан жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, алғыс білдірілді.


Бөлісу