Негізгі Жаңалықтар Қазақстан мен Лаос ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен Лаос ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қазақстанға алғаш рет Лаос президенті ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Тхонглун Сисулитпен кең құрамда келіссөз жүргізді. Тараптар сауда-саттықты арттыру мен көлік дәліздерін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды. Электронды үкімет пен цифрлық қызметтер саласында тәжірибе алмасу жайы да сөз болды. Тараптар бүгін бірлескен мәлімдеме қабылдап, бірқатар құжатқа қол қойды.


Бөлісу