Жеміс бағында жиын-терім қызу
Меркі ауданы – Жамбыл өңіріндегі жеміс шаруашылығы қарқынды дамыған аймақтардың бірі. Биыл Ақарал ауылындағы «Гүлдер» шаруа қожалығында қара өрік жинау науқаны қызған шаққа жетті. Жыл сайын мол өнім беретін бақта бүгінде жүздеген тонна жеміс жиналып жатыр.
Жиырма жылға жуық тарихы бар шаруашылықта 20 гектар алма, 10 гектар қара өрік бағы өсіріледі. Мұнда алманың «Арнабель», ал қара өріктің «Стендли» сұрыптары бапталады. Қазір маусымның ең жауапты кезеңі – өнімді жинап, сұрыптап, қоймаға жеткізу жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр.