Негізгі Жаңалықтар Тоғыз жолдың торабындағы Шу вокзалы жөнделіп жатыр

Тоғыз жолдың торабындағы Шу вокзалы жөнделіп жатыр

Еліміздегі ең ірі темір жол торабында тұрған Шу вокзалында құрылыс жұмысы 90% аяқталды. Салынғалы күрделі жөндеу көрмеген нысан Президент тапсырмасымен былтырдан бастап жөнделе бастады.

Бұл маңда пойыздар шығыстан батысқа, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады. Өйткені кезінде Алаш арысы Тұрар Рысқұлов «Түрксіб» темір жол магистралының тиімді бағыты деп Шуды таңдады. Сөйтіп үлкен торап Бішкекке емес, Шу станциясына салынды. Ал 89-шы жылы бой көтерген вокзалға тәулігіне 2 мыңнан аса адам аялдайды.

Бөлісу