Мүлік салығынан кімдер босатылады?
Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын. Міндетті төлемнен бірінші қазанға дейін құтылу қажет. Кешіксе қарыз жүре бастайды. Ал кейбір азаматтарға заң бойынша жеңілдік қарастырылған. Мысалы, туғаннан мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасының бірі кейбір мүлік үшін салық төлемесе де болады. Одан бөлек, ардагерлер мен көпбалалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. «Алтын алқа» және «Батыр ана» иегерлері, жалғыз тұратын зейнеткерлер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға да жеңілдік қарастырылған.