Ұлттық қордың ақшасы қайтарымы бар жобаларға салынады
Үкімет алдағы үш жылда Ұлттық қордан 5 трлн теңге нысаналы трансферт алып, ауыл-аймақтағы әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттырмақ.
Біз Ұлттық қорды «қиын-қыстау күнге сақталатын қаражат» деп түсінеміз. Расында, қордың негізгі міндеттерінің бірі – ел экономикасын сыртқы дағдарыстардан қорғап, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Алайда экономистердің айтуынша, Ұлттық қор тек «ақша сақтайтын сейф» емес. Оның жинақтау және тұрақтандыру сияқты маңызды функциялары бар.