Негізгі Жаңалықтар Бала қауіпсіздігі - басты назарда

Бала қауіпсіздігі - басты назарда

Қазіргі таңда жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу аса өзекті мәселе. Осы орайда өңірде «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. №66 келешек мектебінде «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» бойынша кездесу өтті. Мұндағы мақсат; жаңа оқу жылының басталуына байланысты қажетті ақпарат беру. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіліуінің аса маңызды шарты. Жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Бұл білім ошағына арнайы келген топ мектептің бейне бақылау камераларының жұмыс істеп тұрғанын толықтай тексеріп шықты. Мұндай қажетті кездесулер – ең бірінші балалардың қауіпсіздігі, олардың денсаулығы мен өмірінің маңыздылығын түсіндіру.

Бөлісу