Негізгі Жаңалықтар Жылыту маусымына дайындық: Қауіпсіздік басты назарда

Жылыту маусымына дайындық: Қауіпсіздік басты назарда

Сары күздің салқыны сезіле бастаған тұста жылыту маусымына дайындық та қыза түсті. Бұл кезеңде тұрғындар үшін ең басты міндеттердің бірі – үйлердегі пеш, түтін мұржасы мен электр желілерінің қауіпсіздігін тексеру.Себебі салғырттықтың соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты мамандар жеке үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын тағы бір мәрте еске салуда. Кезекті профилактикалық шара «Химик» тұрғын алабында өтті.


Бөлісу