Асыл тұқымды мал саны артты
Елімізде шаруашылықтың шырайын кіргізіп, халықты етпен қамтамасыз етіп жатқан жандар жетерлік. Соның бірі Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында орналасқан «Уәли» шаруа қожалығы. Ет бағытындағы қой шаруашылығын өрістетіп отырған олар енді асылтұқымды «Гисар» қошқарын жеткізіп, төлдің жаңа түрін ала бастапты.