Негізгі Жаңалықтар Жамбылдан Астанаға: Шеберлер мен креаторлар көрмесі

Жамбылдан Астанаға: Шеберлер мен креаторлар көрмесі

1300 шақырым - бір облыстың ғана емес, тұтас бір креативті рухтың жолы! Жамбылдың 100-ге жуық креаторы мен шебері Астананың төріне жетіп, «Асқақ рухты – Әулиеата» көрме-жәрмеңкесінде ұлттық өнері мен заманауи жобаларын ұсынды. Қолөнерден IT-ға дейінгі тың дүниелер елордалықтардың қызығушылығын оятып, көрмеге екі күнде 6 мыңға жуық адам жиналды. Жамбылдық өнімдерге Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов те назар аударып, бірқатар жаңа жобамен танысты. Ал сауда қызғаны сонша, екі күнде 15 миллион теңгенің өнімі сатылды! Әулиеатадан аттанған креатив керуені Астанада өз әлеуетін дәлелдеп, «Жамбылда жасалған» брендінің жаңа тынысын көрсетті.


Бөлісу