Негізгі Жаңалықтар Зейнетақы жинағын толығымен сенімгерлік басқаруға аударуға рұқсат етілді

Зейнетақы жинағын толығымен сенімгерлік басқаруға аударуға рұқсат етілді

Зейнетақы жинағын енді толықтай инвестициялық басқарушыға беруге болады. Бұған дейінгі 50 пайыздық шектеу алынып тасталды. Бірақ бұл ақшаны кез келген компанияға тапсыруға болады деген сөз емес. Ал жинақты басқаруға берген жағдайда ақшаңызға не болады және басқарушы компания банкротқа ұшыраса, қаражатыңыз қайда қалады? 

Бүгіннен бастап БЖЗҚ-дағы жинақтың 100 пайызына дейін басқарушы компанияларға аударуға мүмкіндік бар. Қаласаңыз, оның бір бөлігін ғана беріп, қалғанын Ұлттық банктің басқаруына қалдыра аласыз. Бас банк есебіндегі жинаққа мемлекеттік кепілдік сақталады. Ал инвестициялық портфельді басқарушыға берілген қаражатқа мемлекеттік кепілдік жоқ. Сондықтан компанияны таңдау – салымшының өз шешімі.

Бөлісу