Мойынқұмда «Есірткісіз болашақ» спорттық сайысы өтті
Мойынқұм ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталған «Есірткісіз болашақ» атты футбол турнирі ұйымдастырылды. Спорттық дода жастарды салауатты өмір салтына баулып, бос уақытын тиімді өткізуге және зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеді. Сонымен қатар, қатысушыларға есірткінің адам денсаулығы мен қоғамға тигізер зияны түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жарыс барысында командалар спорттық шеберлік, тәртіп пен ұйымшылдық танытып, жеңіске деген жігерін көрсетті. Қатысушыларға спортпен шұғылданудың зиянды әдеттерден аулақ болудағы маңызы түсіндірілді. Үздік командалар медаль, кубок, диплом және сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларға «Есірткісіз болашақ» жазуы бар футболкалар мен бейсболкалар табысталды. Іс-шараны Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Мойынқұм ауданының ішкі саясат бөлімі және «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.