Негізгі Жаңалықтар Жамбылда тіркеусіз 200-ден астам мотокөлік анықталды

Жамбылда тіркеусіз 200-ден астам мотокөлік анықталды

Жамбыл облысында мотокөлік жүргізушілеріне бақылау күшейді. Қордай ауданында жүргізілген «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 62 электрлі үш дөңгелекті көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оның 50-і белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген.Қалған 12 мотокөлік есепте тұрғанымен, оларды пайдалану кезінде заң талаптары бұзылғаны анықталды. Көлік иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, мотокөліктерді заңнамаға сәйкес тіркеу қажеттігі түсіндірілді.Жалпы облыс көлемінде профилактикалық іс-шара басталғалы бері мототранспортты пайдалану тәртібін бұзудың 200-ден астам дерегі анықталған.Полиция мамандары электрлі үш дөңгелекті көліктер де міндетті түрде тіркелуі керектігін ескертеді. Тіркеусіз көлік құралын пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.


Бөлісу