Экономикалық аймақта жұмыс қыза түсті
Шу өңіріндегі эконмикалық аймақта шет елдік және отандық инвесторлардың атсалысуымен жалпы құны 791 милиард теңгені құрайтын 26 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазірдің өзінде мұнда бірнеше өндіріс орны өз өнімдерін шығарып, өткізе бастаса, қалғандары 2030 жылға дейін толық салынып бітпекші.
Шу ауданындағы эконмикалық аймақта қазір қызған жұмыс. Бірі зауыт құрылысын салып, цехтарды тиісті құрылғылармен қамтамасыз етіп жатса, енді бірі алғашқы өнімімдерін өткеріп те жатыр. Соның бірі 2024 жылы іске қосылған «ПЛАСТ» серіктестігің құбыр зауыты. Шикізат негізінен Ресей аймағынан жеткізіліп жатса, 20 пайызы Қазақстаннан алынады екен. Бұл жерде су және газ құбырлары шығарылуда. Жер астымен тартылатын қалың құбырлар да, тұрмыстық қажеттікке жаратылатын жіңішкелері де бар.