Тараз – Аса арасында жаңа автобус бағыты ашылды
Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының орталығы – Аса ауылы арасында қатынайтын №67 жаңа автобус бағыты іске қосылды. Енді ауыл тұрғындары қалаға жаңа, жайлы автобустармен қатынай алады. Қоғамдық көлік мектептер, ауруханалар және халық көп баратын сауда орындарының маңынан өтеді. Ал жүру аралығы 13–15 минутты құрайды.
№67 бағытында 14 жаңа автобус жүреді. Олар Аса ауылынан шығып, Тараз қаласындағы негізгі көшелер арқылы қатынайды. Автобустардың сызбасы Жамбыл ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, халыққа қажетті оқу орындары, ауруханалар мен сауда нысандарына ыңғайлы етіп жасалған. Жол ақысы да қала тарифімен бірдей. Ересектер үшін – 100 теңге, ал балалар үшін – 50 теңге. Сонымен қатар көпбалалы аналар мен бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар автобуспен тегін қатынай алады.