Отбасы берекесі – бірлік пен тірлікте!
Отбасының берекесі - бірлікте, ал ауылдың ырысы – еңбекте. Жамбылдағы бұл елді мекенде атакәсіп тұтас әулеттерді бір арнаға тоғыстырып, түйе шаруашылығы табыстың тұрақты көзіне айналған.
Ата кәсіпті жалғастырған жанның бірі Ербол Шәріпбаев. Ол сонау 1992 жылдан бастап ойсылқараны қарауға көшкен. Негізгі мамандығы биолог болғанымен, өмірін шаруашылыққа арнапты. Бүгінде қорасында 90-ға тарта түйе мен бота байлаулы. Екі мыңға жуық түтіні бар ауылдың өзінде түйемен айналысатын 100-ден аса шаруашылық бар.