18 қыркүйек - Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлары күні
Дүниежүзілік сүйек кемігі донорлар күні бүкіл әлемде қыркүйектің әр үшінші сенбісінде атап өтіледі. Іс-шара барлық континенттердегі 55-тен астам елді қамтиды.
Сүйек кемігі - ағзаның ерекше ұлпасы, оның негізгі қызметі гемопоэз – жаңа қан жасушаларын құру. Ересек адамдарда сүйек кемігінде жетілмеген дің жасушаларының ең көп саны болады. Ішкі орта факторларының әсерінен қанның дің жасушалары кез-келген гемопоэз өсіндісіне айналуы мүмкін, яғни иммунитет жасушаларына, эритроциттерге немесе тромбоциттерге айналуы мүмкін. Бүгінгі күні Гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау 70 тен астам түрлі ауруларды емдеудің ықтимал құтқарушысы болуы мүмкін. Жыл сайын орта есеппен елімізде 1200 пациентке лейкемия және басқа да қан аурулары диагнозы қойылады.