«Жас отау» клубы ашылды
«Анаға тағзым» орталығында қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін Отбасы күніне орай «Шаңырақ шаттығы – ел тұрақтылығы» атты отбасы апталығы өтуде. Соның аясында жас отбасылардың басын қосып, олардың өзара тәжірибе алмасуына, отбасылық қарым-қатынасты нығайтуына және шаңырақтағы береке мен бірлікті арттыруына бағытталған «Жас отау» клубының ашылу салтанаты өтті.