Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру
Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, керісінше ұлықтап, ұрпақтың бойына ерте жастан сіңіру парыз. Ықылым заманнан келе жатқан салт –дәстүрлерімізді дәріптеп, сонымен қатар, бүлдіршіндерді еңбекке баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу де басты назарда болуы тиіс. Осы орайда, мектепке дейінгі мекеме мамандары өзара тәжірибе алмасу мақсатында бір алаңда бас қосты.