Негізгі Жаңалықтар Қауын егіп құт тапқан

Қауын егіп құт тапқан

Елімізде қыркүйектің екінші жексінбісі отбасы күні. Талас төріндегі Үшарал ауылында қауын-қарбыз өсіріп, маңдай термен нәпақа тауып отырған отбасылар бар. Бақша басындағы бейнет пен берекені қатар алып жүрген әулет үшін бұл кәсіп — атадан қалған аманат. Көктемде жер жыртып, дән сеуіп, жаз бойы егістікті күтіп-баптайды.

Бұл әулеттің бақшадағы тірлігі бір күнде қалыптасқан жоқ. Қауын егіп, қарбыз өсіру — бірнеше буыннан бері жалғасып келе жатқан кәсіп. Үлкеннен көргенін кіші үйреніп, тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа көшкен. Осылайша қарапайым кәсіп отбасы мүшелерін ортақ еңбекке жұмылдырып, өзара сыйластықты бекемдей түскен.

Бөлісу