Негізгі Жаңалықтар $100 млрд: Қазақстан мен Қытай сауда көлемін арттырады

$100 млрд: Қазақстан мен Қытай сауда көлемін арттырады

Қазақстан Қытаймен сауда-саттықты 100 млрд долларға жеткізуі міндетін қойды. Мемлекет басшысының «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатының толық нұсқасы жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласында ауқымды жобалар жүзеге асып жатқанын айтты. Алдағы жылдары елімізде ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асады. Осы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау уақыты 5 күннен 3 күнге дейін қысқармақ.

Біз Қытаймен достықты жоғары бағалаймыз. Осылай деген Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін айтты. Шығыстағы ел тек көршіміз ғана емес, басты сауда серіктесіміз. Былтыр алыс-беріс 50 млрд долларға жуықтады. Ендігі міндет оны екі еселеу. Сенімді серіктестіктің стартегиялық маңызды бағыты - көлік-логистика. Қытайдан Еуропаға құрлық арқылы өтетін транзиттің 85 пайызы бізге тиесілі. Тасымал табысын арттыру үшін күре жол құрылысына қарқын беріліп отыр.

Бөлісу