Негізгі Жаңалықтар «Ән падишасы – Шәмші аға» атты ән кеші

«Ән падишасы – Шәмші аға» атты ән кеші

Қазақтың ән әлемін әсем әуенмен тербеткен Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары Тараз төрінде тағы бір мәрте шырқалды. Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өзінің 58-ші шығармашылық маусымын «Ән падишасы – Шәмші аға» атты концерттік бағдарламамен салтанатты түрде ашты.

Кештің шымылдығын Қазақ халық аспаптар оркестрі Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен құралған музыкалық папуримен түрді. Оркестрге Мәдениет саласының үздігі, көркемдік жетекші Дулат Байзілдаев дирижерлік етті. Шәмші әндерін сағынған Тараздықтар ерекше ықыласпен жиналып, әр шығарманы қосыла шырқады.

Бөлісу