Телевизия саласы цифрлық заманға бейімделуі керек
Ақпарат нарығында көрермен үшін күрес телеарналардан интернет кеңістігіне көшті. Жарнаманың жартысынан астамы әлеуметтік платформаларға ауысып, көрерменнің талғамы да өзгерді. Телевизия мамандарының бұл өзгеріске жауабы қандай? Мәселе Ұлттық медиа ассоциациясының «Цифрлық бәсекелестік жағдайындағы телевизия: даму перспективалары» атты конференциясында талқыланды.