Отбасының беріктігі – мемлекеттің тұтастығы
Қыркүйек айының екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні аталып өтіледі. Негізгі мақсат – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге назар аудару. Биыл қабылданған Жаңа Конституцияда да Неке және отбасына ерекше назар аударылады. Яғни ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болады. Бүгінде облысымызда отбасы құндылықтарын нығайту бағытында «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығы белсенді жұмыс атқарып келеді.