Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
«Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи сананы қалыптастыруда осы мәселеге назар аударуға шақырды. Өткенін білмеген өскелең ұрпақтың болашағы бұлыңғыр екені рас. Бірақ жас буынның жадына үнемі жеңілген, үнемі жәбір көрген халықтың бейнесін сіңіру де қауіпті.
Тарихты қалай оқытсақ, ұрпақ өзін солай таниды. Оқулықтағы әрбір дерек оқушының тұлғалық қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Биыл мектеп бағдарламасынан 700-ден астам өрескел қатенің анықталуы, мәселенің мәнін айқындай түсті. Ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру сынды қасіреттер ел есінде қалуы тиіс Бірақ сол нәубеттерден кейін жұрттың қайта ес жиып, еңсе тіктегені көбірек айтылуы,-керек дейді тарихшылар.