Мерейлі отбасы – берекелі қоғам
13 қыркүйек – «Отбасы күні». Осыған орай Тараздағы Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта «Мерейлі отбасы – берекелі қоғам» атты мерекелік шара өтті. Мұнда отбасылық құндылықтар жан-жақты дәріптеліп, балаларға арналған шығармашылық акциялар, отбасылық спорттық жарыстар және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.