Отбасы – қоғамның берік тірегі
Отбасы күніне орай Меркі ауданындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-лицейінде «Бақытты отбасы: түсіністік, жауапкершілік, қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге оқушылар мен ата-аналары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және Отбасын қолдау орталығының басшысы қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру, ұрпақтар арасындағы сыйластықты нығайту.