Қоғамдық кеңес отырысы өтті
Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболаттың жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды.
Есептік тыңдау барысында әскери міндет және азаматтық қорғаныс бағыты бойынша атақарылған жұмыстар және әскерге шақыру науқанының қорытындысы айтылды. Сонымен қатар, Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілген қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Ерсаят Қоңырбай І-ІІ тоқсан қорытындысы бойынша есеп берді. Қорытынды есеп барысында қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша орындалу көрсеткіштері, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бірқатар заңбұзушылықтар, профилактикалық жұмыстар бойынша есебі тыңдалды.