Негізгі Жаңалықтар Тіл – достықтың дәнекері

Тіл – достықтың дәнекері

Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – достықтың дәнекері» атты қалалық фестиваль өтті. Мерекелік шара барысында тіл саясатын жүзеге асыруға және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген тіл жанашырларына құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Фестивальде жастардың «Ұлт ұстазы» өсиеті атты көрінісі ұсынылып, балалар хоры «Анамның тілі – аяулы үні» әнін орындады. Сонымен қатар жас ақындардың жырлары, ұлттық билер мен әндер орындалып, мерекелік концерт көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Бөлісу