Көшпенділер бәсекесінде топ жарғандар марапатталды
Қазақстан алдағы жылдары ірі халықаралық спорт додаларының орталығына айналмақ. Келер жылы Астанада жеті бірдей әлем чемпионаты өтеді. Ал 2029 жылы Алматы Қысқы Азия ойындарын қабылдауға әзірлік жасап жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарымен кездесуде айтты. Биылғы додада Қазақстан құрамасы 74 медаль алып, жалпы есепте көш бастады. Президенттің сөзінше осы тамаша жеңіс қазақтың рухы биік, нағыз жеңімпаз ұлт екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.