«Ауыл спорт – 2026» турнирі
Ауылдан шыққан талай чемпионның жеңіс жолы қарапайым спорт алаңынан басталған. Енді ауыл жастарына өз мүмкіндігін көрсетуге тағы бір үлкен мүмкіндік туды. Байзақ ауданында «Ауыл спорт – 2026» өңірлік турнирі өтті. Жоба ауылдағы дарынды жастарды қолдап, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.
«Ауыл спорт» — ауылдық елді мекендердегі балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға арналған республикалық әлеуметтік жоба. Бастама ауылдағы талантты жастарды қолдап, кәсіби жаттықтырушылардың жұмысын дамытуға да серпін береді. Жоба аясында қатысушылар бірнеше спорт түрінен өз шеберліктерін шыңдап, өңірлік және республикалық кезеңдерге жолдама алады.