Интернет-алаяқтық саны азайды
Жамбыл облысында киберқылмыс саны азайып келеді. Жыл басынан бері өңірде интернет-алаяқтықтың 424 дерегі тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайызға аз. Алаяқтық фактілері бойынша 19 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.