Ойтал ауылдық округіне жаңа әкім сайланды
Ауыл әкімдерінің сайлауы жалғасуда. Меркі ауданы Ойтал ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтті. Дауыс беру Ойтал ауылы мен Меркі стансасының төрт сайлау учаскесінде ұйымдастырылды. Округ бойынша барлығы 7 063 сайлаушы тіркелген.